Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Маған қараған мейірлі қарасаңыз көз алдымда". Мағауиннің оқырман-інісі ерекше жазба жариялады

09:52, 11 қаңтар 2025 221

Қоғам белсендісі Өміртай Лахан жазушы Мұхтар Мағауин жайлы естелік айтып, қимастығын білдірді, деп хабарлайды Alash.KZ.

Мұхтар ағам... Ғибратты бір әңгімесінде айтып еді "кісі бойындағы артық дарын - жазушылық, ақындық, әншілік т.б Тәңірінің берген аманаты ,елге,жұртқа,ұлтқа қызмет қылсын деп", - аманатқа қиянат жасамау керек дейтін. Тәңірінің берген аманатын адалдықпен атқарған бір кісі болса - ол, Мұхтар Мағауин ағам, соңғы демі тоқтағанша қолынан қаламы түспеген. Адам ғұмырының өлшеулі екенін білсемде, Көкемнің қазасын қабылдай алмай отырмын. Өткен жылы Түркияға,Кемерге амандаса барып, қайтуға жиналып жатқанда кездегі маған қараған мейірлі қарасаңыз көз алдымда. Көке... таңғажайып жаратылыс иесі едіңіз ғой,амал қанша.. Бақұл болыңыз, аяулы ағатайым, - деп жазды автор. 

Қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Мағауин 85 жасына қараған шағында дүниеден озды. 

Қаралы хабарды жазушының ұлы Едіге Мағауин Facebook желісінде жеткізді. Оның сөзінше, қаламгер АҚШ-та қайтыс болған.

"Арыстан ӘКЕМ фәниден бақиға аттанып кетті, АҚШ-тың Мерилэнд штатындағы үйінде, бала-шағасының ортасында, 2025 жылғы қаңтардың 9-ы, жергілікті уақыт бойынша сағат 19:55-те (Қазақстан уақыты бойынша қаңтардың 10-ы, сағат таңғы 5:55)", - делінген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар