Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Маған енем қатты қарады». Әнші Жазира Байырбекова келіндік қызметі жайлы айтты

18:33, 29 қараша 2024 229

Әнші Жазира Байырбекова енесінің қаталдық танытқаны жайлы баяндады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы Azattyq Rýhy-на сілтеп.

Әнші өзінің келіндік қызмет көрсеткені туралы «Мамский әңгіме» атты YouTube арнасында айтты.

«Енем өте қатал болғаны рас. Оны көршілер де айтады. Сен біздің ауылдағы келінге өте қатал қарайтын үйге келдің-ау деп. Маған дейінгі келіндер одан да қатты қаталдықты көрген. Ал менен кейінгі келіндер ондай қаталдықты көрген жоқ. Ол кезде енемнің жасы үлкейді. Немерелері көбейді. Қазір мейірімді әже, немерелерінің бәрі жақсы көреді. Ал мен келін болып түскенде жастау болды», - дейді Жазира Байырбекова.

Әнші сөзін жалғай отырып,  қайынатасы қайтыс болған шақты еске алды. 

«Оның үстіне атамыз қайтыс болған, барлық жауапкершілік өзіне қалған. Оларды қатал ұстамасам болмайды деп. Мен оның үстіне өнер адамы, ерке болғанмын. Менің суреттерім газеттердің, журналдардың бетінде тұратын. Міне, келіндеріңіз осы деген соң, оны дұрыстап тәрбиелемесек, ол жұлдызбын деп асқақтап кететін шығар деп ойлаған болуы керек деп ойлаймын. Оның үстіне Шымкенттің қызы деген соң қатты қорыққан. Кез келген өңірде Шымкенттің қызы десе, әлі де сескену бар ғой», - дейді әнші.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар