Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Лудоманияға қарсы күрестің 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданады" - Қарин

11:35, 03 сәуір 2024 375

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеңесшісі Ерлан Қарин өзінің телеграм арнасында Атырауда өткен құрылтайдың мән-маңызына тоқталып, саяси бастамалар мен бетбұрыстарға баға берді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Саясаткер өз сөзінде үшінші отырыста талқыланған мәселелердің маңызын зерделеп, келешектегі жоспарды талқылады: 

  • Президент Әкімшілігі Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысынан кейін Үкіметпен бірлесіп, Мемлекет басшысының бастамаларын тиімді жүзеге асыру жолдарын пысықтады. Соның нәтижесінде бүгін Президент тапсырламаларын орындауға арналған жоспар қабылданды. Құжаттың көлемі ауқымды, 40 тармақтан тұрады. Онда түрлі іс-шаралар көзделген. Жоспарға сәйкес 10 заң (есірткі өндіргені үшін жауапкершілікті қатаңдату, лудоманияға қарсы күресу, тарихи нысандарды қорғау, археология саласы, ономастикаға қатысты жұмыс, мемлекеттік наградалар туралы және басқалары) әзірленіп қабылданады.

Сонымен қатар, автор лудоманияға қарсы күрестің 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданатынын мәлімдеді: 

  • Сондай-ақ заңсыз ойын бизнесіне және лудоманияға қарсы күрестің 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспары және басқа да бағдарламалық құжаттар қабылданбақ. Бір сөзбен айтсақ, Президенттің Атырауда көтерген бастамалары құзырлы мемлекеттік органдардың ұзақ мерзімге арналған жұмысына арқау болып отыр.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар