Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Лудомания: Еркектердің құмар ойынға салынуына да әйелдер кінәлі

14:48, 04 шілде 2024 475

Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасында еркектердің құмар ойынға әуестігі неге байланысты екенін талқылап, мұның себебі тағы да әйелдер екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Басқарманың мәліметінше, психосоматика тұрғысынан ересек жастағы көптеген әдеттер бала кезден бастау алады.

«Кейбір еркектер әйелдердің қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайтындықтан көп ақша табуға тырысады. Осылайша, олар ақшаны жеңіл жолмен табуды шешеді. Құмар ойындар адамның әлеуметтік қатынастарына ғана емес, оның физикалық денсаулығына да теріс әсер етеді», - делінген ресми хабарламада.

Басқармадағылар, бұл зиянды әдетке ие адамның психикалық тұрғыдан тозғанын, сыртқы көрінісі алкоголь мен есірткіге тәуелді адамға ұқсайтынын атап өтті. Ойынқұмар өзін науқас деп санамайды. Ол кез келген уақытта тоқтай алатынын ойлайды. Бірақ әдет сақталып қалады.

«Ал қарыз барлық жағынан қысқанда және шешім табылмағанда, бұл депрессияға әкеледі. Сол уақытта алкоголь мен есірткі заттарына әуестік басталады. Осылайша, науқастың санасында өзін-өзі алдау процесі жүреді. Бұл қылмыс жасауға әкелуі мүмкін. Сонымен қатар (мұндай адамды) өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу де ықтимал. Көп жағдайда науқас өз мәселесін өз бетінше шеше алмай, дәрігерге жүгінбейді, сондықтан оның жақындары маманға жүгіну мәселесін қолға алуы керек», - деп атап өтті басқармада.

Амбулаторлық жағдайда құмар ойындарға тәуелділікті тоқтату өте қиын, үнемі рецидив қаупі бар. Сондықтан дұрыс шешім - науқастың стационарлық жағдайда ем қабылдауы, деп сенеді медицина теоретиктері.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар