The Guardian басылымы Калифорния қаласында күшті жел мен ылғалдылықтың төмендігі әлі жалғасып жатыр деп хабарлады.
Синоптиктердің болжауынша, бұл жағдай демалыс күндерінің соңына қарай орман өрттерінің қайта өршуіне әкелуі мүмкін, деп жазады Alash.KZ.
Лос-Анджелесте қазірдің өзінде 10 мыңнан астам ғимарат өртеніп кетті. 11 адам қаза тауып, 180 мың адам эвакуацияланды.
Малибу-Пасифик-Палисейдс Сауда палатасының басшысы Барбара Брудерлин өрттің салдарын «толық қирау және шығын» деп сипаттады.
– Дымы қалмаған аймақтар бар. Тіпті бір түп ағаш жоқ. Тек тақыр жер жатыр, – деді Брудерлин.
Бұл ретте билік тонаушылармен күресу үшін таңғы сағат 6-дан таңғы 6-ға дейін коменданттық сағат енгізді, деп жазды ulysmedia.kz.