Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Легионерлер бюджеттен қаржыландырылмайды, заң күшіне енді

13:40, 27 наурыз 2025 355

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, мақұлданды.

Осы Заң негізінде шетелдік спортшыларды бюджет қаражатынан қаржыландыруға тыйым салынды, деп жазады Alash.KZ.

Бұған дейін Қазақстан азаматы емес спортшыларға мемлекеттік бюджеттен бір теңге де бөлінбейтіні, оған қоса квазимемлекеттік сектордан да шетелдік атлеттерді қаржыландыру толықтай тоқтатылатыны туралы айтылған болатын.

Жаңа заңға сәйкес басқа елден келген спортшылардың жалақысы да, бонустары да, тіпті трансфер төлемдері де қазынадан қаржыландырылмайды. Бұл жөнінде сол кезде Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев мәлімдеді.

«Легионерлерге 1 тиын бермейтін Заңдық нормамды Үкімет қолдады. Адам естімеген спорт түрлеріне ақша беріп келген министрліктің шешімі де тоқтатылды. 180 спорт түрі қысқартылады! Тиісті нормамды Үкімет қолдады» - деп жазды Нартай Аралбайұлы әлеуметтік желі парақшасында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар