Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Лауазымынан босатылды»: Атыраудағы мектеп дәлізінде болған жағдайға қатысты ел естімеген ақпарат шықты

16:18, 08 ақпан 2026

Атырау облысының Құлсары қаласындағы Пушкин атындағы №6 мектепте орын алған төтенше жағдайдан кейін білім мекемесінің директоры атқарып отырған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Жылыой ауданындағы бұл мектепті 2022 жылдан бері басқарып келген басшыға қатысты тиісті шаралар қабылданғаны белгілі болды.

Өңірлік білім басқармасының таратқан мәліметіне сәйкес, 5 ақпан күні мектеп директорына қатаң ескерту берілген. Келесі күні, яғни 6 ақпанда мекеме басшысы өз еркімен қызметтен кету туралы өтініш білдірген. Бұл кадрлық шешім мектеп қабырғасында оқушылар арасында болған қақтығысқа тікелей байланысты қабылданды.

Оқиғаның мән-жайына тоқталсақ, 10-сынып оқушысы құрдастарымен өзара келіспеушілік туындағаннан кейін мектепке балта алып келген. Жасөспірім білім ордасының дәлізінде басқа оқушыларды қудалаған. Соқтығысу салдарынан екі жасөспірім түрлі дене жарақатын алып, оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді.

Құқық қорғау органдарының ақпараты бойынша, балтамен шабуыл жасаған оқушы оқиға орнында жедел ұсталды. Қазіргі таңда аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар жасөспірімнің ата-анасы бала тәрбиесіне немқұрайлы қарағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар