Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Киіз үйде жартылай жалаңаш билеген "еркек-қыздарға" қатысты сұмдық ақпарат шықты

14:18, 18 шілде 2024 740
Киіз үйдің ішінде қазақтың ұлттық киімі - кәжекейді киіп, жартылай жалаңаштанып билеген қыздар мен трансвеститтерге қатысты тың дерек шықты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Мәжіліс депутаттары Бас прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сауал жолдап, ұлттық киім мен киіз үйді қорлағандарға қатысты жаза талап еткен болатын.

Бұл өрескел видео Алматы облысы Қарасай ауданында түсірілгені анықталды. 

«Осы факті бойынша 2024 жылғы 1 шілдеде Қарасай ауданының полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-бөлігімен (əлеуметтiк, ұлттық, рулық, нəсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бүгінде қылмыстық іс аясында тиісті сараптама тағайындалды, орын алған жағдайдың мəн-жайларын анықтауға бағытталған тергеу əрекеттері жүргізіліп жатыр», - деп жауап берген бас прокурор Берік Асылов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар