Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Күйеуімен ренжіскен": Астанада бес баласы бар әйел көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетті

13:42, 26 шілде 2024 7101
Астанада көпқабатты үйдің терезесінен бір әйел секіріп кетті. Қайғылы оқиғаға көршілері мен өтіп бара жатқандар куә болған. Марқұмның жеке өмірінің егжей-тегжейлерін Астана тұрғыны айтып берді. Қайғылы оқиға туралы Alash.KZ сайты Астана - Что? Где? Когда? Telegram-арнасына сілтеме беріп хабарлайды.  

Мен 1990 жылғы әйелдің балконнан секіргеніне куә болдым. Бес баланың анасы, кішісі 1 жаста. Күйеуі басқа қалаға кетіп қалып, содан жанжал шыққан, – дейді тұрғын. 

Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, әйелдің мәйіті полицияға тапсырылды. 

Оқиға орнына жедел медициналық бригада шақырылды. Медициналық топ келген кезде үйдің ауласынан әйелдің мәйіті табылды. Куәгерлердің айтуынша, әйел жоғары қабаттан құлаған. Мәйіт полицияға тапсырылды", – делінген хабарламада. 

Полиция, бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалғанын хабарлады. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар