Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Күтпеген жаңалық! Геннадий Головкинге қатысты сұмдық хабар тарады

13:33, 08 қазан 2025 352

АҚШ-тың танымал боксшысы Райан Гарсия қазақстандық экс-чемпион Геннадий Головкиннің Халықаралық бокс даңқ залына (IBHOF) кандидат ретінде ұсынылуына қарсы пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.

Гарсияның айтуынша, Головкиннің мансабы бұл жоғары атаққа толық сәйкес келмейді, себебі оның шын мәнінде аңызға айналарлық жеңістері болмаған.

"GGG-дің бірде-бір ұлы жеңісі жоқ. Ол кімдерді жеңді? Әрине, оның бокста ұзақ жылдар бойы супержұлдыз болғанын жоққа шығармаймын. Бірақ мен оны Даңқ залына қоспас едім. Мұндай мәртебеге жету үшін ерекше, тарихи жеңіс керек. Ал Головкиннен ондайды көріп тұрған жоқпын", – деді Райан Гарсия Inside the Ring бағдарламасында.

Айта кетейік, Геннадий Головкин жуырда Халықаралық бокс даңқ залына енуге ресми түрде кандидаттар тізіміне енгізілген болатын. Дауыс беру нәтижесі желтоқсан айында белгілі болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар