Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Күйеуінің көңілдесінен оңбай таяқ жеген»: Алматылық келіншек жан айқайын айтты

09:26, 21 қыркүйек 2026

Алматыда үш баланың анасы күйеуінің опасыздығын кездейсоқ біліп, оның көңілдесінен таяқ жегенін айтып заңгерлерден көмек сұрады, деп хабарлайды Alash.kz.

Демалыс күні түнгі сағат 23:30 шамасында орталыққа 7 айлық сәбиін құшақтаған әйел көз жасына ерік беріп келген. Белгілі болғандай, үш баланың анасы күйеуінің өзіне опасыздық жасап жүргенін отбасылық шағын кәсіптегі бейнебақылау камерасындағы сақталған жазбалардан байқап қалған. Сорақы жайтты білгеннен кейін әйел жұбайымен сөйлесуге тырысқанымен, ер адам жауапкершіліктен қашып, үйден кетіп қалған. Осыдан кейін ол күйеуінің көңілдесімен жолығып, мән-жайды анықтамақ болғанда, екі әйел арасында жанжал шығып, қарсы тарап оны ұрып-соғып, дөрекілік танытқан. Алты алашқа белгілі адвокат Ләззат Рақышеваның жазуынша, сол сәтте анасының жанында тұрған балаға да күш көрсетілген. Қазіргі таңда үш баланың анасы полицияға ресми арыз түсіріп, сотқа ажырасуға өтініш берді. Осы оқиғаға байланысты заңгер отбасылы ер азаматтарға арнайы үндеу жасады.

«Ер азамат үш баланың әкесі бола тұра, жарына опасыздық жасап, басқа әйелдерге барғаны дұрыс емес. Егер отбасы құруға, бір адамға адал болуға дайын болмасаңыз, үйленудің не қажеті бар? Үш баланы дүниеге әкелген әйелді жалғыз қалдырмай, ең алдымен балаларыңыздың жағдайын, олардың болашағын ойлаңыздар», — деп жазды Ләззат Рақышева.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар