Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Күйеуім тастап кетті, ақшаға құмар, ашкөз болдым". Маңғыстауда 17 түрлі қылмыс қылған жас келіншек өз өкінішін айтты

00:29, 05 қазан 2025 189

Қылмыстық атқару жүйесі комитеті темір торда отырып, өкінішін айтқан әйелдің сұхбатын жариялады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы  "Түркістан" газетіне сілтеп.

Маңғыстауда 23 жастағы әйел 17 алаяқтық фактісі бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға сотталған.

Ол таныстарына "тауарлық несиені қолма-қол ақшаға айналдырып беремін, кейін үстеме пайызымен қайтарамын" деп сендірген.

Азаматтар өз аттарына несие ресімдеп, қаражатты сотталған әйел мен оның туыстарының есепшотына аударып отырған.

"Мен бәрінен айырылдым – бостандықтан, отбасымнан, балаларымнан. Күйеуім кетіп қалды. Екі кішкентай баламды көрмегелі бір жылдан асты. Олар мені осындай жерде көргенін қаламаймын. Ашкөздік пен ақшаға деген құмарлық өмірімді күйретті. Енді тек өкінуден басқа амалым жоқ", – деді соталушы.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар