Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Күйеуім кешірім сұрады, бұл хайп емес”. Мереке Қалбаева жаңалығын жария етті (ВИДЕО)

21:00, 19 тамыз 2025 424

Әзілкеш, блогер Мереке Қалбаева күйеуімен татуласқанын айтып, желіде бейнежазба жариялады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“Романтик емес күйеуім менен КЕШІРІМ сұрау үшін осылай сюрприз жасады… Демек сүйеді. Бұл өзімді алдау емес, бұл шындық. АЛЛА жұбымызды жазбай, үлгілі отбасы болып, ұзақ та, хайырлы бақытты өмір сүруімізді нәсіп етсін!

Хайп болса екен деп өзім де армандағам айналайындар. Біз бұлай ұзақ ренжісіп жүрмегенбіз ешқашан, максимум 2 күн еді. Осы жолы қатты кетіп, 1 айдай сөйлеспеппіз.  Егер Азамат деген досымыз кіріспегенде, ары қарай да бір-бірімізді түсінбей, кінәлап жүре беретін едік… Осындай кезде достардың қолдауы қатты маңызды. АЛЛА баршамызға разы болсын”,- деп жазды Мереке Құлбаева. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар