Белгілі жайдарманшы, актриса Мереке Қалбаева әлеуметтік желіде тараған видеоға байланысты өз уәжін айтып, отбасына қатысты айтылатын хейттерге жауап берді, деп хабарлайды Alash.kz.
Өнер иесі 2018 жылы өзінен 6 жас кіші жайдарманшы Арсен Акиевке тұрмысқа шыққан болатын. Бүгінде - 3 бала тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы. Мереке тұрмыс құрған шақта «дуалап алдың», «өле қал» деген сияқты ауыр сөздерді де естігенін жасырмады.
Бұл жолы Мереке Қалбаеваның ренішін Жайдарманда өнер көрсететін жас ойыншының мәлімдемесі тудырды. Сахнадағы топтардың бірі Жайдарманнан табысқан жұптарды тілге тиек етіп, «Арсен мен Мереке... не то мысал айттым» деген пікір білдірген. Осы бейнежазбаны көріп қалған актриса өзінің наразылығын білдіріп, желідегі парақшасында:
«Қызымның түсініп қойғаны қате болды. Күйеуге тигелі естімеген сөзім жоқ. Сондағысы арамыз 6 ғана жас қой. Менде бір ғана сұрақ: Мына бала бұл сөзімен не айтқысы келді?», — деді.
Сондай-ақ өнер иесі жасы мен отбасылық өміріне қатысты айтылатын орынсыз әзілдер мен қаңқу сөздердің балаларының да құлағына шалынып жатқанына қынжылыс білдірді.