Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Күйеу туралы айтушы болма»: Мақпал Жүнісова не үшін екінші мәрте тұрмыс құрмағаны туралы айтты (ВИДЕО)

15:30, 26 наурыз 2026

Қазақстанның халық артисі Мақпал Жүнісова жұбайы Заманбек Нұрқаділов дүниеден өткеннен кейін не себепті екінші рет тұрмыс құрмағанын ашып айтты, деп жазады Alash.kz. 

Әншінің айтуынша, бұл шешімге анасының қатаң ұстанымы мен отбасылық тәрбие тікелей әсер еткен. Өнер иесі бұл туралы ақпараттық порталдардың біріне берген сұхбатында егжей-тегжейлі баяндап берді.

Өнер иесі осыдан біраз уақыт бұрын анасымен арада болған маңызды әңгімені еске алды. Жұбайының қазасынан он жыл өткен соң, әнші болашағына қатысты анасының пікірін білмек болған. Алайда анасы бұл ойға үзілді-кесілді қарсылық танытып, марқұм күйеуінің абыройын биік қоюды талап еткен.

Мақпал Жүнісова анасының сол кездегі реакциясын былай деп жеткізді:

«Әй, қарағым, Заманбектен артық біреуді табамын деп тұрсың ба? Мен тірі тұрғанда күйеу туралы айтушы болма».

Әнші бұл сөзден кейін жеке өміріне қатысты мәселені қайта қозғамағанын және анасының батасынан аттап кетпеуді жөн санағанын айтты.

Қазіргі таңда халық сүйіктісінің бұл адалдығы мен анасына деген құрметі әлеуметтік желі қолданушылары арасында үлкен қолдауға ие болды. Оқырмандар әншінің парасаттылығына тәнті болып, оған жылы лебіздерін білдіріп жатыр. Өнер иесі анасының қасында өзін әлі күнге дейін бала сезінетінін және оның ақылына сүйенетінін ерекше атап өтті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар