Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Күдіктілер Шерзаттың ағасын да өлтірмек болған: Талғар трагедиясында тың деректер пайда болды

12:37, 15 қараша 2024 546

Талғардағы төбелесте қаза тапқан Шерзат Болаттың отбасының адвокаттары әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып, тергеу барысы қалай жүріп жатқаны, нендей жаңалықтар бар екені туралы айтып берді, деп хабарлайды Alash.KZ.

Адвокат Марал Жайлаубаева марқұм Шерхаттың ағасы Нұрқанатқа трагедия түні жасалған шабуылды тергеу барысын айтып берді.

Оның сөзінше, сол түні жәбірленуші Нұрқанаттың ұялы телефоны мен әмиянын ұрлап кеткен. Осыған байланысты талап арыз түсіріліп, ол қанағаттандырылған. Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша іс қозғалған, деп жазды ulysmedia.kz.

“Сондай-ақ трагедия түні күдіктілер Нұрқанатқа дене жарақаттарын келтіріп, 3-4 рет жамбасы мен төсіне пышақ ұрған. Аталған әрекеттер адамды өмірінен айыруға тікелей бағытталған нақты ниетпен жасалған деп есептейміз. Осыған байланысты аталған дерек бойынша біз “өлдіруге оқталу” бабы бойынша қылмыстық іс қозғауды сұрап өтініш хат түсірдік. Қазіргі таңда ол қарастырылып жатыр. Қылмыстық іс бойынша жәбірленуші мен күдіктілердің орталарында беттестірулеп өткізіліп, қазіргі уақытта тағайындалған сараптамалардың қорытындыларымен танысудамыз” деді Марал Жаулаубаева.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар