Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Көзімнің тұсын жырып, қабағым жарылды". Ләйлә Сұлтанқызы ұшақта жазатайым жағдайға тап болды

14:41, 14 тамыз 2024 742

Танымал журналист әрі продюсер Ләйлә Сұлтанқызы ұшақпен ұшамын деп денсаулығына зақым келтіріп, мертікті. Оқыс жағдайға тап болған журналист ашынып, әуе компаниясының қызметіне шағым айтты. Бұл туралы Alash.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Журналист жазатайым оқиғаның Шымкенттен Астанаға ұшып келе жатқанда болғанын айтады: 

“Бүгін кешкі 21:50 шамасында KC7326 рейсімен Шымкенттен Астанаға ұшып келдім. Ұшақтың есігі ашылмай, тұрып кеткен жанымдағы жолаушының абайсыздығынан бетіме үстіңгі сөреде тұрған ауыр (қатты) зат, отырған маған құлап, көзімнің тұсын жырып, қабағым жарылды. Бұл әуекомпаниясы қауіпсіздік шарасын сақтамағандықтан орын алған жағдай. Бортсеріктер мен әуекомпанияның алғашқы көмекке дайын емес болғанына қапа болдым! Не аптечка, не мұз, не суық зат, не қан тоқтатын, не салфетка жоқ”, – деп ашуланды медиа маманы. 

Сонымен қатар Ләйлә Сұлтанқызының әуе компаниясы үстінен арыз жазғаны мәлім болды: 

“Меніңше, орнымда бала, қарт адам отырып, басы жарылса, қатты жараланса, миы шайқалса, көп қан кетсе, жағдай қиын болар еді. Жауапсыздық! Әр бортсерік жолаушы мініп-түскенше адам денсаулығына жауапты, алғашқы көмек көрсетуге міндетті”, – деп жазды продюсер. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар