Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Көз тие ме деп қорқамын". Дариға Бадықова жақын арада елден көшуі мүмкін екенін айтты

10:25, 22 маусым 2024 914

Актриса Дариға Бадықова алдағы уақыттағы жобаларының жайымен бөлісіп, шығармашылығындағы жаңалығын сөз етті. Ел өзі қойған межеден аспаған жағдайда шетелге көшіп кететінін хабарлайды, - деп жазды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Қалың қазаққа "Айсара" арқылы танымал болған өнер иесі жуырда жаңа жобасы басталатынын жеткізіп, оқырмандарын ойландырып қойды. Мұнымен қоса, алдағы жобасына көрерменнен қолдау болмаған жағдайда елден көшпек: 

"Басталатын жобаға үміт бар жүзімде. Құдай маған мүмкін емес дүниені мүмкін етеді. Менің сағымды сындыру қиынға соғады. Себебі ақыл-есім бар, Құдайдың қызымын. Алматыға кетемін, келмеймін дейтінмін. Үйдегілер біртүрлі қарайтын. Класстастарымды жұлдыз боламын деп күлдіретінмін. Шүкір Алматыда қалдым. Өнерде ойып орын алдым. Продюсер болып, тағы 1-орын алып көрсем бе деп отырмын. Елден көшіп кетпесін десеңіздер, әрине, менің орным болса, осы басталатын жобаны 3 миллиардтан асырайық. Одан асырмайтын болсақ ренжимін. Ол қандай жоба кім біледі? Айтуға қорқамын көз тие ме деп?! Қандай фильм екенін әзірше айтпай-ақ қояйын. Көзі өтіп кететін жандар бар екен", - деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар