Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Көшеге жасанды интеллект арқылы тазалық жүргізген»: Алматы қаласында дауға қалған шенеунік қызметінен кетті (ФОТО)

19:56, 09 маусым 2026

Алматыда көшедегі тазалық жұмыстарын жасанды интеллект арқылы өңделген суретпен көрсетпек болған шенеунік қызметінен босатылды, деп хабарлайды Alash.kz.

Бостандық ауданы әкімдігі Левитан көшесіндегі №125 мектептің қарсы бетінде орын алған бұл жағдайға қатысты арнайы қызметтік тексеріс жүргізілмегенін мәлімдеді. Бұған «жаңашыл» әдісті ойлап тапқан мемлекеттік қызметкердің өз кінәсін бірден мойындауы себеп болған.

Әкімдік бұл мәселеге қатысты ресми жауап беріп:

«Левитан көшесіндегі тазалық жұмыстары жасанды интеллект көмегімен өңделген фотосуреттерге қатысты мынаны мәлімдейміз: аталған дерек бойынша қызметтік тергеу жүргізудің қажеті болмады, себебі мемлекеттік қызметші жіберген қателігін өзі мойындады», — деп түсіндірді.

Аудандық әкімдік өкілдері бұл оқиға бойынша бұдан былай ешқандай қосымша тергеу амалдары жүргізілмейтінін нақтылады.

Айта кетейік, мамыр айының ортасында Алматы қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде Бостандық ауданы әкімдігінің көше тазалығын есеп беру үшін жасанды интеллектімен жасағанын әшкерелеген болатын. Аталған жазба интернет қолданушылары арасында кеңінен тарап, қысқа уақыт ішінде 100 мыңға жуық қаралым жинады.

Сурет: Tengrinews 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар