«Көш бастады!»: Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы туралы қуанышты ақпарат тарады
12:08, 04 қыркүйек 2026
Фото - Caravan.kz
Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) барлық салмақ дәрежелері бойынша спортшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.
Орта салмақ дивизионында елеулі өзгеріс орын алып, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы екінші сатыдан бірінші орынға көтерілді. Өткен айда ұйым өкілдері оны әлем чемпионы Хамза Ширазға қарсы міндетті үміткер ретінде ресми түрде бекіткен болатын.
Сондай-ақ рейтингтен белгілі мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес шығарылды. Бұл шешім оның WBC ұйымының титулы үшін жұдырықтасу жоспарына байланысты қабылданған. Нәтижесінде үздік үштікке АҚШ өкілі Диего Пачеко мен даниялық Якоб Банк жайғасты.
Бірінші ауыр салмақ дәрежесінде Германида тұратын Қазақстан тумасы Роман Фресс те өз позициясын сақтап, рейтингтің көш басында қалды.
Айта кетейік, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы дайындық жұмыстарын жалғастыру үшін жақын арада АҚШ-қа аттанатынын мәлімдеген еді.
Соңғы жаңалықтар
Досхан Жолжақсынов 75 жасқа толды: Алматы әкімі Президенттің құттықтауын табыстады
14:00, 11 қазан 2026
Түркияда 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынады
14:53, 10 қазан 2026
Трамп Нобель комитетін сынға алып, "Маған Нобель сыйлығын бермеді" деп жазғырды
13:29, 10 қазан 2026