Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Көршілері құтқарып қалды: Алматыда бір топ жігіт бойжеткен қызды ұрлап кетпек болған (ВИДЕО)

18:32, 17 қыркүйек 2025 195

Алматыда қызды ұрлап әкетпек болған сәттің видеосы желіде тарап, көршілердің арқасында бойжеткен құтқарылды. Оқиғаға қатысты полиция түсініктеме берді, деп хабарлайды Alash.kz.

Жарияланған бейнежазбада қыздың жан даусымен жылап, көмек сұрағаны анық естіледі. "Мен бармаймын, жіберіңдер. Көмектесіңіздерші" деген сөздері жазылып қалған.

Кадрдан қараңғыда тұрған көліктің жанына үш жігіттің қызды күштеп отырғызуға тырысқаны байқалады. Сол сәтте қыздың айқайын естіген көршілер көмекке жетіп, оны құтқарып қалады. Бойжеткен көліктен түсіп, жылап шыққан. Көршілердің бірі дереу полиция шақырған.

Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 15 қыркүйекте болған.

"Оқиғаға қатысқан барлық адам анықталды. Жігіт пен қыз бір-бірін бұрыннан таниды екен. Қыз шағымданудан және арыз жазудан бас тартты", – делінген ведомство мәліметінде.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері күдіктімен профилактикалық әңгіме өткізіп, заңға қайшы әрекеттердің жауапкершілігі түсіндірілгенін айтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар