Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Көптен күткен жаңалық! Қайраттың қаһарман қақпашысы Темірлан Анарбеков жаттығуға оралды (ВИДЕО)

14:28, 10 қазан 2025 193

Алматылық “Қайрат” футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков ауыр жарақатпен үзілістен кейін қатарға қосылды, деп хабарлайды Alash.kz.

Алматылық клубты қатарынан үш бірдей пенальти қайтарып, Чемпиондар лигасына шығарған қақпашы “Ақтөбе” футбол клубымен ойында сол жақ сүйегі мен ақыл тісін сындырып, ұзақ уақыт емделген болатын. Анарбековтың бұл жарақатына көпшілік алаңдаушылық білдіріп, тез сауығуына тілекші болды. Бүгін “Қайрат” футбол клубының әлеуметтік желідегі парақшасында 77-нөмірлі ойыншыны жаттығуға оралуымен құттықтаған сәтті жариялады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар