Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Көптен бері көрінбей кеткен Әлия Назарбаева отбасылық мерекеде төбе көрсетті

19:00, 08 шілде 2026

Әлеуметтік желіде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың келіні Аида Әлиеваның туған күнінен жарияланған суреттер көпшіліктің назарын аударды. Желі қолданушылары мерекелік кештің өзінен бөлек, оған қатысқан қонақтар құрамын қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды Alash.kz dalanews.kz-ке сілтеме жасап.

Жарияланған фотолардың бірінде Әлия Назарбаеваның көрінуі көпшілік үшін күтпеген жайт болды. Себебі ол соңғы жылдары көпшілік алдына сирек шығып, қоғамдық кеңістікте аса байқала бермеген еді.

Ал туған күн иесінің жұбайы Нұрали Әлиев пен оның анасы Дариға Назарбаева жарияланған кадрлардан көрінбеген. Бұл жағдай да желі қолданушыларының назарынан тыс қалмады.

Әлеуметтік желідегі пікірлерде жұрт әсіресе Әлия Назарбаеваның ұзақ үзілістен кейін отбасылық жиында бой көрсетуін талқылап жатыр. Көпшілік үшін оның мұндай шарада көрінуі тосын жаңалық болды.

Дегенмен Instagram-да жарияланған суреттер мерекеге қатысқан барлық қонақтың толық тізімін көрсетпеуі мүмкін. Соған қарамастан, желі қолданушылары отбасылық кештегі кадрларға қатысты түрлі болжам айтып, пікір білдіруде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар