Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Көпшілік алдында балағаттап, қоқан-лоқы жасаған»: Астанада бойжеткеннің ізіне түскен ер адамның әрекеті әшкере болды

16:15, 27 қаңтар 2026

Астанада бойжеткенді көпшілік алдында балағаттап, қоқан-лоқы көрсеткен елордалық тұрғын 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Сот оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, қосымша шектеулер қойды. Енді ол бір жыл бойы жәбірленушіге жақындай алмайды және онымен қандай да бір байланыс орнатуға құқығы жоқ.

Жәбірленушінің айтуынша, бұл оқиға бұған дейін де бірнеше рет қайталанған. Ер адам оның ізіне түсіп, жүйелі түрде сес көрсетіп келген көрінеді. Ал айыпталушы тарап тағылған айыптарды жоққа шығарып, өз кезегінде қарсы арыз жазатынын мәлімдеді. Сот отырысына қатысқан куәгер тараптар арасындағы қарым-қатынастың күрделі болғанын растағанымен, нақты қандай да бір жанжалдың куәсі болмағанын жеткізді.

Қазіргі уақытта полиция департаменті іс материалдарын қайта тексеруге алды. Мамандар ер адамның әрекетінде ізіне түсу (сталкинг) белгілерінің бар-жоғын анықтап, қосымша құқықтық баға беретін болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар