Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Көп нәрсе айтқым келеді…»: Дариға Бадықова жан сырын ақтарып, ел естімеген шындықты айтты

21:00, 07 тамыз 2026

Актриса әрі продюсер Дариға Бадықова желідегі парақшасында жазба жариялап, өзіне қатысты айтылған сын-пікірлерге жауап берді, деп жазады Alash.kz.

Өнер иесі жұрт арасында «Дариға Бадықова тез байып кетті» деген пікірдің жиі айтылып жүргеніне тоқталып, бүгінгі жетістікке ұзақ жылғы еңбек пен табандылықтың арқасында жеткенін мәлімдеді.

«Дариға Бадықова тез байып кетті деген сөздерді естіп қаламын. Ешқандай да тез байыған жоқпын. Осы өнерде 28 жыл еңбек еттім. Жасырмаймын, интуициям алыстан сезеді. Қаншама ұйқысыз түндер болды. Қорғансыз күндерім болды. Барлық шешімді өзім шығарып, «дұрыс па, бұрыс па» деп қорыққан кездерім болды. Ең бастысы адалдық, ешкімді құнсыздырмай, мән-жайды біліп отырдым. 20 жылда еңбектің наны жеу орынды шығар», – деп жазды Дариға Бадықова.

Актриса өзінің еңбегін құнсыздандырып, бүгінгі жетістігін мойындағысы келмейтін адамдардың бар екенін айтты.

«Көп нәрсе айтқым келеді, затым әйел болса да, жігіттілігім бар ма бірдеңе ше… Менің өмірімде «менің арқамда сен осындай болдың» дегенді де естідім. Сонда менің талантым қайда? Пысықтығым қайда? Оқығандығым қайда? Тірлік бастағаным қайда? Жеме-жемге келгенде бағым қайда? Маған берген бақ-дәулетті мойындағыларың келмей ме? Кеудемде жаным бар екенін, осы өнер арқылы біраз жерге барғанымды туып-өскен елім біледі. Мен біреуге бермесем алмаймын, өздеріңіз шет жағасын білесіздер», – деді Дариға Бадықова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар