Марқұм Ұлдана Мырзуанның күйеуі Әділет Зейнел Қазақстан Халық Партиясының YouTube арнасына сұхбат беріп, көпішіліктің көкейіндегі сұрақтарға өз жауабын айтты, деп хабарлайды Alash.kz.
Сұхбат барысында Әділет Зейнел жұбайының өліміне қатысты қылмыстық істе жәбірленуші мәртебесінен бас тартпайтынын жеткізді.
Ол істі аяғына дейін жеткізіп, әділ тергеу жүргізілуіне күш салатынын білдірді.
Мен «Жәбірленуші» статусында қаламын. Бастаған ісімді аяғына жеткізгіп келеді. Істің басы-қасында мен жүрдім ғой. Әділдікке жеткім келеді! Қазақстанда қалай айтады? Егер, еркек болсаң, бастаған ісіңді аяқта! Егер, мен бұл істен бас тартсам, ел «Міне! Болды! Екінші отбасын құрды! Бәрінен бас тартты» деп айтады. Сосын осы айғайдың екінші толқыны шығады. Мен олай болғанын қаламаймын. Халық айтқанынан емес. Ұлдананың алдындағы адамдық қарызым болғандықтан… Елдің алдында бастаған ісімді соңына жеткізгім келеді. Ұлдананың анасы менің тойымның болғаны үшін «Жәбірленуші» статусын менен алғысы келіп отыр деп ойлаймын.