Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

75 мыңнан астам талапкер грант иегері атанды – Биыл қай мамандықтарға көп грант бөлінді?

19:34, 07 тамыз 2026

2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттары конкурсының қорытындысы жарияланып, білім беру гранттарының иегерлері анықталды, деп жазады Alash.kz.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, жоғары білімді кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде бакалавриат деңгейіне 75 мыңнан астам білім беру гранты бөлінді. Гранттар конкурсына қатысу үшін талапкерлерден барлығы 127 041 өтініш қабылданды.

Конкурс қорытындысы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының 98 пайызы игерілді. Бұл көрсеткіш мемлекеттік гранттардың еңбек нарығының сұранысына сәйкес тиімді бөлінгенін және талапкерлердің басым бөлігінің сұранысқа ие білім беру бағдарламаларын таңдағанын көрсетеді.

Биыл өңірлік теңгерімді қамтамасыз етуге бағытталған арнайы бастамалар да жалғасын тапты. Атап айтқанда, «Серпін» бағдарламасы аясында 2 180 білім беру гранты, сондай-ақ еліміздің батыс өңірлерінің жастарына 2 500 грант бөлінді.

Сонымен қатар Қазақстанда ашылған шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарына талапкерлер қабылдау үшін 3 190 мемлекеттік білім беру гранты қарастырылды.

Білім беру гранттары ел экономикасының кадрларға деген болжамды сұранысын ескере отырып бөлінді. Ең көп грант экономиканың басым секторлары үшін мамандар даярлайтын мынадай бағыттарға берілді:

  • Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары – 16 674 грант;
  • Педагогикалық ғылымдар – 12 228 грант;
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 10 387 грант;
  • Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика – 9 188 грант;
  • Ауыл шаруашылығы және биоресурстар – 2 515 грант;
  • Қызмет көрсету саласы – 2 170 грант;
  •  Өнер және гуманитарлық ғылымдар – 1 915 грант;
  • Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат – 1 485 грант;
  • Бизнес, басқару және құқық – 1 423 грант;
  • Ветеринария – 1 175 грант.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар