Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Блогер Қайсар Қамза Қазақстанға жеткізілді (ВИДЕО)

19:12, 06 тамыз 2026
Бас прокуратура заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға көмектесті деген күдікке ілінген блогер Қайсар Қамзаның Вьетнамнан экстрадицияланғанын хабарлады, деп жазады Alash.KZ

Бас прокуратура Қазақстан азаматының Вьетнамнан депортацияланғаны туралы ресми мәлімдеме мен бейнежазба жариялады. Кадрлардан Instagram желісінде 2,2 миллионнан астам оқырманы бар блогер Қайсар Қамзаны көруге болады.
 
«Тергеу болжамы бойынша, 2025 жылдың қаңтар айында ол әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ауқымды аудиториясын пайдалана отырып, ақылы негізде заңсыз интернет-казино жарнамасын орналастырған және Қазақстан азаматтарын құмар ойындарға қатысуға тартқан.
Интернет-казиноны насихаттағаны үшін оның криптовалюта әмиянына шамамен 200 мың АҚШ доллары түскен. Тұтастай алғанда, қылмыстық топ мүшелері 2021 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңде Қазақстанда бірнеше заңсыз онлайн-казиноның жұмысын ұйымдастырып, төлем терминалдары арқылы заңсыз түрде 106 миллиард теңгеден астам қаражат тапқан», — деп мәлімдеді Бас прокуратура.
Сондай-ақ, ведомство тағы 9 сыбайластың қамауға алынғанын, ал қалғандарына іздеу жарияланғанын атап өтті.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оған тағылған қылмыстық әрекеті үшін мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
 
Бұған дейін Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында блогер Қайсар Қамзаға іздеу жарияланғаны туралы бағдар басылған болатын. Істі бастамашысы — Қаржылық мониторинг агенттігі, ал іздеу жұмыстарын ҚМА Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жүргізді.
Кейінірек Қайсар Қамза Қаржылық мониторинг агенттігінің өзіне іздеу жариялағаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірген еді. Сәлден соң ҚМА блогердің заңсыз ойын бизнесіне көмектесті деген күдікке ілінгенін ресми түрде мәлімдеді.
 
«Күдікті 5 жыл бойы Instagram желісінде "qais_arr" атауымен (2,4 млн жазылушы) белсенді блогерлік қызмет атқарған, сондай-ақ "Telegram" желісіндегі "Қора энтертейнмэнт" жабық арнасының (368 мың жазылушы) админі болған».
13 сәуірде оның Вьетнамда ұсталғаны белгілі болды. Мамыр айында ол ұзақ уақыттан бері алғаш рет оқырмандарымен байланысқа шығып, Вьетнамда қалай тұтқындалғаны туралы айтып берген еді.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар