Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Баламды қорлаған… Тұншықтырған»: Атыраулық әйел бөбекжайдағы сұмдықты әшкереледі (ВИДЕО)

13:01, 07 тамыз 2026

Атырау қаласындағы «Асылым Kids» жекеменшік балабақшасында бүлдіршіндерге дөрекі қарым-қатынас жасалды деген шағым түсірілген видеодан кейін құқық қорғау органдары қылмыстық тергеп-тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Alash.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеода балалардың бірінің анасы тәрбиеленушілерге дөрекілік көрсетілуі мүмкін екенін алға тартқан. Келіншектің айтуынша, мекемеде бүлдіршіндерге ас беру кезінде бәрін бір қасықпен тамақтандырған және күтім барысында тұрпайы әрекеттерге жол берілген. Бұған қоса, ол балабақшадан кейін баласының үйге тым аш оралып, шамадан тыс көп су ішкенін жеткізген.

9 жарымнан бастап, 12 жарымға дейін менің баламды қорлаған. Қолынан сүйреген. Тұншықтырған. Туалетке апарған. Жарты сағат бойы не істегенін білмеймін. Камера жоқ. Туалетте баланың басын соқты ма? Мен білмеймін. Баламды қолтығынан ұстап алып, баламды ана кабинеттен мына кабинетке сүйреген. Жерге жастықты қойып, баланы лақтырған. Ол – кішкентай бала. 

Орын алған жағдайға байланысты кәмелетке толмаған азаматты тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Полиция департаменті аталған оқиғаға қатысы бар тұлғалардың полиция бөліміне жеткізілгенін хабарлады. Қазіргі уақытта тергеушілер болған оқиғаның барлық мән-жайы мен егжей-тегжейін анықтау үстінде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар