«Донорлармен болған әңгіменің мазмұнымен таныс президенттің кеңесшісі Трамптың жеке кездесуде Республикалық партиядағы көшбасшылықтың мұрагері дәл осы Вэнс болуы керек деген шешімге келгенін хабарлады», — делінген материалда.
Трамп АҚШ-тың келесі президенті ретінде кімді көргісі келетінін айтты
18:41, 06 тамыз 2026
Ашық дерекөздерден
АҚШ Президенті Дональд Трамп 2028 жылғы сайлауда Республикалық партия атынан президенттікке үміткер ретінде кімді көретінін айтты, деп жазады Alash.KZ
Басылымның ақпараты бойынша, дереккөздер Washington Post газетіне Республикалық партиядан президенттікке кандидат вице-президент Джей Ди Вэнс болуы тиіс екенін хабарлаған.
Мұндай шешімді Америка көшбасшысы Дональд Трамп қабылдап, бұл туралы жақында партияның демеушілеріне мәлімдеген.
Еске сала кетейік, жылдың басында Дональд Трамп 2028 жылғы президенттік сайлауға түсуі мүмкін кандидаттардың есімдерін атаған болатын. Олардың арасында фавориттер ретінде вице-президент Джей Ди Вэнс, мемлекеттік хатшы Марко Рубио және Қаржы министрлігінің басшысы Скотт Бесент болды.
Кейіннен, мамыр айында Трамптан ықтимал мұрагерлері туралы тағы да сұраған еді. Ол кезде кандидаттардың тізімі екі адамға дейін қысқарды — олар Вэнс пен Рубио.
Соңғы жаңалықтар
Қазақстан әскерінде реформа басталды: Енді мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді
21:31, 24 қазан 2026
"9,5 мыңнан астам адам жұқтырғаны хабарланды". Тағы бір індет әлемде тарап жатыр
14:33, 24 қазан 2026
"Бес адамның маймыл шешегін жұқтырған". Тағы бір індет тарап жатыр деген хабар шықты
09:21, 24 қазан 2026