Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ешқандай талап қоймаймын" - Медеу Арынбаев үйіндегі қуанышты жаңалықты жеткізді

21:50, 06 тамыз 2026
 

Әнші Медеу Арынбаев "Бүгін.live" бағдарламасына қатысып, отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп жазады Alash.KZ

Өнер иесінің айтуынша, келесі жылы ұлының шаңырақ көтеруі жоспарланып отыр. Қазір оның сүйген қызы бар және екеуі жақсы қарым-қатынаста.

Медеу Арынбаев баласының жеке таңдауына араласпайтынын және жастарға ешқандай талап қоймайтынын айтты.

"Келесі жылы ұлымды үйлендірсек деген ойымыз бар. Қазір сүйген қызы бар, екеуі жақсы араласып жүр. Барлығын өзі шешеді, мен ешқандай талап қоймаймын. Біз тек ниетімізді білдіріп, тілеулес болып отырмыз", – деді әнші.

Ол жастарға ата-ананың сенімін ақтап, бір-бірін түсініп өмір сүру маңызды екенін үнемі айтып жүретінін жеткізді.

"Ең бастысы – бір-бірін түсініп, өз бақыттарын бірге тапса болғаны", – деді Медеу Арынбаев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар