2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері жарияланды, деп хабарлайды Alash.kz
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мемлекеттік білім гранттарының конкурсы қорытындысын жариялады. Биыл 75 мыңнан астам талапкер жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды.
Министрліктің мәліметінше, гранттардың 60%-ы инженерлік және техникалық мамандықтарға бөлінген. Бұл елдің индустриялық және технологиялық дамуына қажетті кадрларды даярлауға бағытталған.
Биыл грант конкурсына шамамен 127 мың өтінім түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 мыңға көп. Министрлік конкурс ережелері өзгеріссіз қалғанын, бұл оның ашық әрі әділ өтуіне мүмкіндік бергенін атап өтті.
Грант иегерлерінің толық тізімін осы жерден көре аласыз.