Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Көп әйел алуды Құран да құптамайды - БЕЛГІЛІ ПУБЛИЦИСТ

17:46, 17 мамыр 2024 533

Баспасөз мәслихатында "тоқал алу" туралы айтқан Серік Рысжанов көп әйел алуды заманның қалдығы деп атады. Оның айтуынша, шын мәнінде исламда көп әйел алу құпталмаған.

“Көп әйел алу туралы айтсақ, бұл – архаизм және өткен заманның қалдығы. Құранды мұқият оқысақ, екі, үш және төрт әйел алуға болады. Бірақ белгілі бір шарты бар. "Әділ болмаймын деп қорықсаңыз, біреуіне үйленіңіз" делінген. Бұл анық айтылған”, – деді Серік Рысжанов.

Серік Рысжанов егер ер адам барлығына бірдей қарап, әділдік танытпаса төрт әйел алуға рұқсат етілмейді, тек бір әйел алады.

“Төртінші сүренің 129-аятында Жаратушы "Бірнеше әйелге адалдық таныта алмайсыңдар, тіпті талпынсаңдар да" деп айтқан. Ер адам әділ болмайтындықтан, ол біреуге үйленуі керек деген шарт автоматты түрде қосылады. Негізі Құран көп әйел алуды құптамайды, өйткені ер адам әділ бола алмайды", – деді ол.

Сонымен қатар қасиетті кітаптың аудармашысы Қазақстанда шариғат заңдарын насихаттайтын діни бірлестіктердің қызметіне белсенді түрде тыйым салу керегін айтты.

"Бұл шариғат заңдарының бәрі әлі күнге дейін оқытылады, қазіргі заманғы әлеуметтік заңдарға тікелей қарама-қайшылық бар. Мемлекет мұндай ақпарат түріне тыйым салуы керек, өйткені ол мемлекеттің қауіпсіздігіне тікелей қатысты. Мемлекеттің заңдарына қарасақ, олар негізінен Құран құндылықтарына сәйкес келеді. Құранда айтылмаған ескі заңдарға тыйым салу арқылы біз мүміндерге де, сенімге де қарсы емеспіз. Бұл экстремизмге негізгі тыйым болады", – деп түйіндеді Серік Рысжанов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар