Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Концерт қоюын тоқтатқан Төреғали Төреәлі үндеу жасады

16:11, 08 наурыз 2025 2608

Әнші Төреғали Төреәлі денсаулығына байланысты концерттерін уақытша тоқтатқан еді. Осыған байланысты әнші үндеу жасады, деп хабарлайды Alash.kz порталы.

Әнші әлеуметтік желі арқылы халыққа үндеу жасап, видео жариялады. Ол өз жазбасында ораза ұстап жүрген жандарға сәлем жолдап, барша мұсылман қауымына дұға тіледі.

Ассаламағалейкум, ардақты ағайын, құрметті достар! Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын. Алладан екі дүниенің бақытын тілейміз. Бақытты болыңыздар! – деді Төреғали Төреәлі видеода.

Әншінің бұл видеосы көпшіліктің ықыласына бөленіп, жанкүйерлері оған жылы лебіздерін білдірді. Олар Төреғалидің саулығын тілеп, тезірек сахнаға оралуын күтіп жүргендерін жазды.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар