Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Көңілім қалды”: Трамп Зеленский жайлы шұғыл мәлімдеме жасады

09:16, 09 желтоқсан 2025

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийден көңілі қалғанын айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Трамп Зеленскийдің әлі күнге дейін «бейбіт келісім» құжатының жаңартылған нұсқасын оқымағанына ренішін білдірді. 

«Өткен аптадағы келіссөздерден соң біз Ресей президенті Путинмен де, Украина басшылығымен де, оның ішінде президент Зеленскиймен де сөйлестік. Ашық айтайын, президент Зеленскийдің бейбітшілікке арналған соңғы ұсынысты әлі оқымағаны мені сәл қынжылтты. Бұл – бірнеше сағат бұрын ғана болған жағдай.

Оның адамдары бұл жоспарды өте жақсы деп бағалады. Бірақ ол өзі әлі оқымаған. Ресей бұл жоспарға келіседі. Егер ойлап қарасақ, Ресей бүкіл Украинаны басып алуды да құп көрер еді. Бірақ бұл жоспар бойынша Ресей келісімге дайын. Ал Зеленскийдің келісетініне сенімді емеспін», – деді Трамп.  

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар