Айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек Жазира Байырбекованың өз келінін ұзатып алғанына қатысты тың пікір білдірді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Тележүргізуші Анна Данченконың қойған сауалына ақын былай деп жауап берді:
"Ол - көңілдің қалауы. Жарасып тұр. Мен мұны "келін мен ененің бірінші сәттен, бірінші қадамынан бірге болуы" деп есептеймін. Біз жақсылыққа ырымдайтын, жақсылықты ойлайтын халық болғандықтан, солай деп ойладым. "Екеуі жарасым тауып жатыр" деп ойладым".