Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Коньяк бар: Асанәлі Әшімов маған ұнамайды - АКТЕР

12:14, 10 қазан 2024 5629

Кинорежиссер, актер Олжас Нұрбайдың Асанәлі Әшімов маған ұнамайды деген пікірі әлеуметтік желіде қатты талқыланып жатыр, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Актер Олжас Нұрбай бұл туралы Narikbi LIVE YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.

“Асанәлі Әшімов маған аса қатты ұнамады. Пафос көп. Бір кездесуде отырғанбыз. Сұрақ қойылды. Сол кезде Асанәлі Әшімов жастардың экран алдында сүйіскені дұрыс емес, оған мен қарсымын деді. Моральдік тұрғыдан қате дегенге келтірді. Ал неге “Асанәлі” деген коньяк сіздің атыңызбен шығады?”- деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?