Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Команданың ішінде бір қазақ жоқ, бюджеттен ең көп ақша алады, бірақ нәтиже жоқ: Нұрлан Қоянбаев спорт саласына шүйлікті

10:13, 10 қазан 2024 363

Белгілі кинопродюсер  Нұрлан Қоянбаев кейбір спорт түрлерінің нәтиже бермейтініне ашуланды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Қоянбаев мемлекет бюджетін оңды-солды шашқан спортшыларға ренішін білдірді. 

“Барыс” командасы неше жыл бюджеттен ақша алып келе жатыр?! Неге журналистер осыған мән бермейді? Команда ешқандай нәтиже көрсетпейді. Көрші елдің чемпионатында соңғы орында жүр. Еліміздің бюджетінен ең көп ақша алатын команда 1-10 болып ұтылып қалды. Айтыс пен көкпарға миллиард ақша бөлінсін. “Астана” велокомандасы да жыл сайын бюджеттен ақша алады. Құрамада бір қазақ жоқ, не нәтиже жоқ”, – деп ашынды кинопродюсер. 

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?