Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Комада жатыр: Өз еркімен әскерге кеткен сарбаздың жантүршігерлік видеосы пайда болды (ВИДЕО)

08:50, 22 тамыз 2024 599

Желіде сарбазға қатысты жантүршігерлік видео тарады. Ұлттық ұлан видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Видео сарбаз Ербаян Мұхтар жайлы. Роликте ол әскерге өз еркімен кетіп, артынша ауруханада ауыр хәлде жатқаны көрсетіледі. Сарбаз алты айдан бері комада жатыр. 

Ербаян Мұхтар әскерде басынан жарақат алған. Қазіргі таңда ол өз күшімен тамақтана алмайды және сөйлей алмайды. 

Ұлттық ұлан бұл дерекке қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлады. 

"Қатардағы жауынгер Мұхтардың басынан соққы алуына байланысты Қылмыстық кодекстің 440-бабы 3-бөлігі 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда қажет сараптамалар тағайындалды. Соталды тергеу әлі де жүріп жатыр. Тергеу барысы ІІМ басшылығының жеке бақылауында", - делінген ведомство хабарламасында. 

Ведомство мәліметінше, реабилитациялық емнен кейін Ербаянның ата-анасының сұрауы бойынша сарбаз үйіне жіберілген. Қазіргі таңда сарбазға мүгедектік рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар