Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Көлікте болған депутат пен екі мұғалім қаза тапты". Ақтөбе облысында жол апаты болды

10:55, 11 мамыр 2024 775
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы мәслихатының 28 жастағы депутаты, ауданның ветеринар дәрігері жол апатынан қапияда көз жұмды. Олардың артында мектеп жасындағы 3 бала қалды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы Мой Город басылымына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысындағы тас жолда мәслихат депутаты және ерлі-зайыпты мұғалімдер көлік апатынан көз жұмды. 

Жол апаты 9 мамырда Самара-Шымкент тас жолында болған. Ырғызға жақындап қалған ВАЗ жеңіл көлігі өз бағытында келе жатқан  МАН жүк көлігінің артынан соққан. Салдарынан жеңіл көліктегі 3 адам қаза тапқан.

Көлікті Ырғыз мектебінде дене шынықтыру пәнінен сабақ берген 45 жастағы мұғалім жүргізген. Ол ауруханаға түскен соң қаза тапқан. Оның әйелі оқиға орнында көз жұмған. Әйел де сол мектепте бастауыш сыныптың мұғалімі болып жұмыс істеген. Олардың артында мектеп жасындағы 3 бала қалды. Көз жұмған үшінші жолаушы Ырғыз ауданы мәслихатының 28 жастағы депутаты, ауданның ветеринар дәрігері болған.

Ақтөбе облысының полиция департаменті болған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар