Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Көлікпен жол бермегені үшін жанжалдасқан»: Талғарда 24 жастағы жігіт қаза болды

15:41, 12 мамыр 2026

Талғар ауданында әкесінің зиратына дұға етуге барған 24 жастағы жігіт жол үстіндегі жанжал кезінде пышақ жарақатынан көз жұмды, деп жазады Alash.kz. 

Нұра ауылында орын алған қайғылы оқиғаға қатысты үш күдікті бірден ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта құзырлы органдар адам өлтіру және бұзақылық деректері бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Алдын ала тараған мәліметтерге сүйенсек, жанжалға жол үстіндегі кедергі себеп болған. Марқұм мен оның інісі мінген көлікке басқа бір автомобиль жол бермей, соңы сөзге келуге ұласқан. Сол сәтте қарсы тараптың бірі суық қару қолданып, ауыр жарақат алған жігіт ауруханада жан тапсырды. Күдіктілердің барлығы марқұммен бір ауылдың тұрғындары екені белгілі болды.

Полиция департаменті қылмыстық істің барысы жіті бақылауда екенін және оқиғаның барлық егжей-тегжейі анықталып жатқанын хабарлады. Бұл оқиға жергілікті тұрғындардың қабырғасын қайыстырып, қоғамда үлкен резонанс тудырды. Тергеу қорытындысы бойынша кінәлі тұлғалар заң алдында жауап беретін болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар