Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Көлік екіге бөлініп қалған»: Түркістан облысындағы жантүршігерлік апат туралы көршілері айтты

10:17, 02 шілде 2026

Түркістан облысындағы жантүршігерлік жол апатынан мектеп бітіру кешінен қайтып келе жатқан бір отбасының бес баласы қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz.

Түлкібас ауданына қарасты Еңбекші ауылында орын алған бұл қайғылы жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. Алдын ала ақпарат бойынша, жасөспірімдер мектеп бітіру кешінен үйлеріне қайтып келе жатқан. Volkswagen Polo маркалы автокөлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, көлік жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылған. Соққының қатты болғаны соншалық, жеңіл машина екіге бөлініп қалған. Жол апаты салдарынан бес бала оқиға орнында мерт болса, тағы бір жасөспірім ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер аман алып қалған жалғыз баланың жағдайын әлі де ауыр деп бағалап отыр.

Оқыс оқиғадан кейін қаза тапқан жап-жас қыздардың қазасына қабырғасы қайысқан отбасының ауылдасы көз жасына ерік беріп, көңіл айтты.

«Жылап отыр. Менің немереммен қатар екен. Сол рөлде отырған дейді», – деп мәлімдеді марқұмдардың көршісі.

Қазіргі уақытта апаттың нақты мән-жайын құқық қорғау органдары мұқият анықтап жатыр. Тәртіп сақшылары аталған жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша ресми түрде қылмыстық іс қозғап, тиісті тергеу амалдарын жүргізуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар