Алматылықтар қала әкімі Ерболат Досаевпен кездесу кезінде Медеу ауданының тұрғындары жақын маңдағы барлар мен оған баратын күдікті адамдар тобына шағым түсірді, деп жазады Alash.KZ.
«Адам төзгісіз. 20 бар. Жұма, сенбі күндері аулада қысқа белдемше мен жабысқан колготка киген гейлер жүгіріп жүреді. Бұл не сұмдық? Полицияға хабар береміз. Олар сирек келеді. Ал мұның бәрін балаларымыз бен немерелеріміз көріп отыр», – деді әйел.
Тұрғынның не жөнінде айтып жатқанын түсінбей, таңғалған қала басшысы Медеу ауданының әкіміне жалт қарап, “не?” деген сұрақты бірнеше рет қойды.
Шағымға қатысты Ерболат Досаев сұрақты Медеу аудандық полиция бөліміне жолдады. Ондағылар бейсенбіден жексенбіге қараған түні тәртіп сақшылары ауданда іс-шаралар өткізіп, хаттамалар рәсімдейтінін айтты.