Атырау қаласының іргесінде орналасқан Еркінқала ауылында бір топ мектеп оқушысы 8-сыныпта оқитын оқушыларды сабақтан шыққан соң жұмыс істеуге келмегені үшін таяқпен ұрып, соққыға жықты. Бұл туралы ALASH.KZ «АқЖайық» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жәбірленуші оқушылардың бірінің ата-анасының сөзінше, бопсалауға кемінде 8 жасөспірім қатысқан.
Олар баланы таяқпен ұрып, бүкіл денесіне жарақат салған.
Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, барлық күдіктілер анықталып, полиция бөліміне жеткізілген.
«Балалардың кәмелетке толмауына байланысты заңды өкілдерінің қатысуымен жауап алынатын болады. Қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Жәбірленушіге сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», - деп хабарлады полиция департаменті.