Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Кінәсін мойындаған жоқ" - Түркістан облысында 6 жастағы қызға азғындық жасаған жасөспірім сотталды

11:49, 25 желтоқсан 2025

Түркістан облысында жантүршігерлік қылмысқа қатысты сот үкімі шықты. Мектеп оқушысы алты жастағы қызға азғындық жасағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды жазады Alash.KZ "31 каналға" сілтеме жасап.

Сот-медициналық сараптама нәтижесінде жеткіншектің зорланғаны толықтай дәлелденген.  

Қыздың қорлық көргенін білген жақындары бірден полицияға арызданып, ақыры алыстан келмеген жау құрықталған. Сотта азғын өз кінәсін сол күйі мойындаған жоқ. Өкініш те білдірмеді. Судья психологиялық соққы алған жәбірленушінің туыстарына 8 миллион теңге моральдық шығын өндіруді де міндеттеді.

"Сотталушы және оның заңды өкілі жәбірленуші тараптан ешқандай кешірім сұраған жоқ. Аталған сотталушының кәмелетке толмаған азаматтың кінәсі іс-құжаттарына тіркелген материалдармен, куәгерлердің көрсетулерімен, сарапшылардың қорытындыларымен және өзінің ішінара мойындауымен толықтай дәлелденді. Сот үкімімен кәмелетке толмаған С деген азамат кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды", - деді Түркістан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Марат Күздеубаев.

Еске салайық, сұмдық оқиға биыл жазда Бәйдібек ауданында болған еді. Қошқарата ауылындағы 14 жастағы бала бірінші сынып оқушысын алдап көпір астына алып барған екен. Содан кейін күш көрсетіп, ауылдасына ойына келгенін істеген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар