Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Кінәлі деп танылды»: Серік Сәпиев пен орынбасары арасындағы жанжалға қатысты ел естімеген ақпарат шықты

17:23, 27 қаңтар 2026

Қарағанды облыстық спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасындағы жанжалға қатысты жүргізілген тексеріс қорытындысы белгілі болды, деп хабарлайды Alash.kz  Kozachkov offside Telegram арнасына сілтеме жасап.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті аталған оқиға бойынша арнайы құжат дайындаған.

Тексеру нәтижесінде орын алған келеңсіз жағдайға басқарма басшысы Серік Сәпиев кінәлі деп танылды. Мамандардың тұжырымына сәйкес, оның іс-әрекетінен мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексіне қайшы келетін бірнеше заң бұзушылық белгілері анықталған. Атап айтқанда, ол мемлекеттік органның беделіне нұқсан келтіріп, ұжымдағы іскерлік ортаны сақтамаған және әріптесіне қатысты әдепсіздік танытқан.

Бұған дейін Олимпиада чемпионы бұл даудың туындауына орынбасарының заңсыз әрекеттері себеп болғанын алға тартқан еді. Облыс әкімі де мәселенің мән-жайын құзырлы органның тексеруінен соң ғана бағалауды сұраған болатын. Қазіргі таңда қақтығыстың барлық жағдайы зерттеліп, ресми құжатқа тиісті мамандар қол қойған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар