Қазақстанда «ауқатты» отбасылар санатына қанша азаматтың кіретіні белгілі болды, деп хабарлайды Alash.kz.
Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, елімізде әл-ауқат деңгейі жоғары болып саналатын А және Б санаттарына жалпы жиыны 522 мыңға жуық адам кірген.
Бұл көрсеткіштің ішінде ең жоғары әл-ауқат деңгейіне ие А санатына 77 мың азамат жатқызылса, қалған бөлігі Б санатына, яғни «ауқаттылар» тобына енгізілген.
Азаматтардың тұрмыс сапасы мен әл-ауқат деңгейін анықтау үшін 30-ға жуық ақпараттық жүйенің деректері біріктіріліп қолданылады. Бұл мәліметтер базасын ай сайын тұрақты түрде жаңартып отыру жоспарланып отыр.