Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Киев Ресей Херсонда тәуелсіздік бойынша "референдум" өткізуді жоспарлап отырғанын айтты

02:49, 13 наурыз 2022 341
[ad_1]



Ресей Украинаның оңтүстігіндегі Херсон қаласында 2014 жылғы "сценарийін" қайталап, тәуелсіздік "референдумын" өткізуді жоспарлап отыр. Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба осылай деп мәлімдеді.


Херсон Қара теңізге құятын Днепр өзені маңындағы портты қала. Бұл қала 2014 жылы Ресей жаулап алған Қырымға да жақын. Кремль осылайша Херсонды Ресей мен Қырым арасын жалғайтын құрлық үсті көпір жасауды көздеп отырған болуы мүмкін.


Ресей әскері осы айдың басында Херсонды басып алған, бірақ жергілікті халықтан қолдау таппаған. Қала тұрғындары Ресей агрессиясына қарсы наразылықты жалғастырып келеді.


Херсон аймақтық кеңесінің депутаты Сергий Глан осыған дейін ресейліктердің өзі мен өзге де депутаттарға хабарласып, "Херсон халық респубикасын" құруға "қолдау" білдіруге шақырғанын айтқан. Гланның айтуынша, ол одан түбегейлі бас тартып, өзге депутаттарды да ресейліктердің "ұсынысын" қабылдамауға шақырған.


Мәскеу 2014 жылы ақпанда Қырым түбегіне әскер кіргізіп, "референдум" өткізіп, Қырымды аннексиялаған еді. Украина мен дүниежүзі мемлекеттерінің басым көпшілігі бұл әрекетті айыптаған.







[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар