Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Кенеттен толғағы келген әйел дәретханада босанып, сәбиі кәріз құдығына батып кеткен

09:44, 04 наурыз 2025 657

Әлеуметтік желілерде Самарқанд облысы Нұрабада жаңа туған сәбидің медициналық мекеменің әжетханасындағы кәріз траншеясына құлап кеткені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Alash.kz.

Ресми органдар бұл оқиғаға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша, әйелдің толғағы кенеттен басталып, ол тікелей дәретханада босанған.

Есінен танып қалғандықтан, нәрестені ұстап қала алмаған, салдарынан сәби кәріз құдығына түсіп кеткен.

Төтенше қызмет өкілдері жеткенше, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері көмекке келген.

Олар жерді қазып, бір сағаттан кейін сәбиді құтқарып алған. Баланы бірден дәрігерлердің қолына тапсырған.

Куәгерлердің айтуынша, нәресте аман қалған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар