Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Кенесары үшін қазақтардан кешірім сұраған қырғыз әншісінің соты өтті

15:07, 20 наурыз 2025 369

Қырғыз әншісі Қайрат Пірімбердиевке 100 мың сом айыппұл салынды, деп жазады Alash.KZ.

Бұл айыппұл оның қазақтардан Кенесары ханның өлімі үшін кешірім сұрағаны үшін салынды.

Әнші Facebook парақшасында бүгін сот оның үстінен Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің «Нәсілдік, ұлттық, діни немесе аймақаралық араздықты қоздыру» бабы бойынша айыппұл салғанын мәлімдеді.

Айыппұл көлемі 100 мың сомды (шамамен 588 516 теңге) құрайды.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті әнші Қайрат Пірімбердиевті қамауға алған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар